Қазақстан құрамасы әлемнің үздік командасы атануы мүмкін

11.01.2022, 18:03
Қақпашымыз бен бас бапкер де үміткерлердің қатарына енді.
Қазақстан құрамасы әлемнің үздік командасы атануы мүмкін

Танымал Futsalplanet.com сайтының нұсқасы бойынша футзалдан Қазақстан құрамасы 2021 жылдың ең үздік командасы атағына үміткерлердің қатарына енді.

Бұл номинациядан Аргентина, Босния және Герцеговина, Иран, Жапония, Марокко, Португалия, Словакия, Өзбекстан мен Венесуэла құрамалары да үмітті.

Әлемнің бес дүркін үздік қақпашысы Игита кезекті рет жылдың үздік қақпашы атағына үміткерлердің қатарынан табылды.

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака «Ең үздік құрама бапкері - 2021» номинациясына үміткерлердің қатарына кірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×