«Ақсу» екі шетелдік бапкермен байланысқа шықты

11.01.2022, 18:18
Украиналық маман ұсыныстан бас тартты, ал сербиялық маманға үлкен талап қойылды.
«Ақсу» екі шетелдік бапкермен байланысқа шықты

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, украиналық маман Руслан Костышин ҚПЛ дебютанты «Ақсудың» назарына ілікті.

Сонымен қатар павлодарлық клуб сербиялық бапкер Милош Крушчичпен келіссөздер жүргізді. Оған басты талап ретінде Қазақстанға өзінің таныс ойыншыларын әкелмеу қойылды.

Руслан Костышин «Колосты» (Киев облысы) әуесқойлар чемпионатынан Премьер-лигаға дейін шығарды және еурокубок бәсекесінің тұрақты қатысушысына айналдырды.

«Қазақстан чемпионатының элиталық дивизионында өнер көрсететін клуб өкілдері маған ұсыныспен хабарласқанда, мен бас тарттым.

Менің әлі де «Колоспен» жарамды келісім-шартым бар және негізгі команданы қоспағанда, мен клубтың жұмысына қатысты көптеген сұрақтарға жауаптымын. «Колостағы» миссиям аяқталды деп санасам, президент Андрей Засухаға мені командадан жіберуін өтінемін. Бірақ, қайталап айтамын, бұл қазір мүмкін емес», - деді Костышин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×