Марк Гурман өзіне жаңа клуб тапты

11.01.2022, 18:50
Елордалық клуб бұл қорғаушыны керек қылмады.
Марк Гурман өзіне жаңа клуб тапты

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Астана» клубының қорғаушысы Марк Гурман «Қызыл-Жармен» мәмілеге келді.

Ақпан айында 33 жасқа толатын футболшы елордалық клубтан кетіп, мансабын «Қызыл-Жарда» жалғастыру туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, «Астана» Гурманды командада қалдырғысы келмеді және оның орнына жаңа ойыншы іздей бастады.

Гурман Премьер-лиганың өткен маусымында 12 ойын өткізді. Сондай-ақ Конференция лигасында екі ойынға қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×