«Тараз» қазақстандық бапкерге сенім артпақ

11.01.2022, 18:59
Жамбыл облысының әкімі осы маманның кандидатурасын мақұлдады.
«Тараз» қазақстандық бапкерге сенім артпақ

Aladop.kz сайтына белгілі болғандай, «Тараз» футбол клубының бас бапкері болып Нүркен Мәзбаев тағайындалуы мүмкін. Оның ассистенті болып Әзиз Анарметов қызмет етеді деп жоспарлануда.

Анарметов өткен жылы «Тараздың» жастар командасын жаттықтырды. Ал Нүркен Қалдыбекұлы «Астана» клубында бас бапкердің көмекшісі болып жұмыс істеді. Екі маман да Жамбыл футбол мектебінің түлектері болып табылады.

Осыған дейін бірқатар ақпарат көздері Вардан Минасян бұрынғы қызметіне қайта оралады деп хабарлаған еді. Бірақ Жамбыл облысының әкімі Нүркен Мәзбаевтың кандидатурасын мақұлдады.

Еске салайық, жақында ғана «Тараз» клубының директоры болып Жандос Ахметов тағайындалған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×