«Арсенал» сербиялық шабуылшыға көз тікті

11.01.2022 14:18 АПЛ

Лондондық клуб бұл шабуылшы үшін мол қаржы жұмсауға дайын.

«Арсенал» сербиялық шабуылшыға көз тікті

«Фиорентина» мен Сербия құрамасының шабуылшысы Душан Влахович «Арсеналдың» қысқы трансферлік терезедегі басты нысанасына айналды. Лондондық клубтың бас бапкері Микель Артета ойыншыны сатып алуға мүдделі. Клуб сонымен қатар «Эвертонның» шабуылшысы Доминик Калверт-Льюинді қарастыруда, бірақ бұл трансфердің орын алу ықтималдығы өте аз, деп хабарлайды Daily Mail.

Дереккөз Влаховичтің еуропалық топ клубтардың біріне ауысуға ниетті екенін мәлімдеді. «Арсенал» сербиялық футболшыға апталық жалақысы 160 мың фунт стерлингті құрайтын бес жылдық келісім-шарт ұсынуға дайын. Ал италиялық клубқа шабуылшы үшін 58 миллион еуро төлемек. Енді тек Влаховичті Артета жасаған жобаның маңыздылығына сендіруі керек.

Осы маусымда Душан Влахович барлық турнирлерде 22 матчқа қатысып, 18 гол мен 4 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды. Transfermarkt порталы футболшының құнын 70 миллион еуроға бағалайды.

0 пікір