Қазақстан құрамасы Финляндиядан минималды есеппен жеңіліп қалды

05.09.2021, 01:55
Қазақстан қарсыласпен тең дәрежеде ойнады, бірақ сәттілік жетіспеді.
Қазақстан құрамасы Финляндиядан минималды есеппен жеңіліп қалды

Қазақстан құрамссы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Финляндияға есе жіберді. Хельсинкидегі Олимпиадалық стадионда өткен матч 1:0 есебімен аяқталды.

Бірінші таймда қос команда да гол соғатын мүмкіндіктер жасағанымен есеп аша алмады. Ал екінші тайм бастала салысымен Ян Вороговский айып алаңның сыртынан керемет соққы жасап еді, Лукаш Градецки өз орнынан табылды. Ал 60-минутта Уроненнің қапталдан асырған пасын Похьянпало баспен қақпаға дәл бағыттады. Ал Шацкий бұл допқа жете алмады.

Бұл ойыннан кейін алаң иелері 5 ұпаймен Д тобында екінші орынға көтерілді. Ал Талғат Байсуфинов шәкірттері 2 ұпаймен соңғы орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×