Қазақстан құрамасы күзде Грузиямен жолдастық кездесу өткізеді

17.02.2021, 03:00
Грузия құрамасын «Баварияның» экс-футболшысы баптайды.
Қазақстан құрамасы күзде Грузиямен жолдастық кездесу өткізеді

Грузия футбол федерациясының бас хатшысы Давид Муджири Қазақстан құрамасымен жоспарланған жолдастық кездесу туралы айтты, деп хабарлайды Lelo басылымы.

Давид Мужиридің айтуынша, биыл күзде Грузия құрамасы екі жолдастық кездесу өткізеді. Қыркүйекте Грузия Болгария құрамасымен, ал қараша айында Қазақстанмен жолдастық кездесу өткізеді.

Айта кетейік, Грузия құрамасын «Бавария» мен Франция құрамасының бұрынғы футболшысы Вилли Саньоль жаттықтырады. Ол «Қайраттың» бұрынғы тәлімгері Владимир Вайсстың орнына келген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×