Бүгін Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатында Бразилиямен 3-орын үшін таласқа түсті.
Екі құрама тартысты ойын өткізді. Нәтижесінде ойынның 12-минутында қазақстандық футзалшылар есеп ашты. Альберт Ақбалықовтың жасаған соққысы бразилиялық қақпашы Гиттаға тиіп, қақпа торынан табылды. Осылайша бірінші кезеңнен кейін Қазақстан құрамасы қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.
Екінші кезеңде тартысты жекпе-жек одан әрі өрбіді. Ойынның 25-минутында Тайнан ойламаған жерден өзінің қақпасына гол соғып алды. Алты минуттан кейін ойыншы қарсыластар қақпасына гол соғып, қайтадан Қазақстан құрамасы алға шықты. Бірақ одан кейін бразилиялықтар Родриго (32), Феррао (34), Ле (35) соққан голдардың арқасында жеңіске жетті.
Қазақстан қарсыласынан 2:4 есебімен жеңіліп қалды. Нәтижесінде Бразилия әлем чемпионатының қола жүлдесіне қол созды. Қазақстан төртінші орынға тұрақтады.
Футзалда Бразилия тәжірибелі құраманың бірі саналады. Аталған құрама әлем чемпионатында бес дүркін чемпион атағын жеңіп алған.
Еске салсақ, топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Коста-Рикадан 6:1, Литвадан 3:0 есебімен басым болса, Венесуэламен 1:1 есебімен тең ойнады.
Одан кейін 1/8 финалда Таиландтан 7:0 есебімен басым түсіп, ширек финалда Иранды 3:2 есебімен сүріндірді. Ал жартылай финалда Португалиямен овертаймда 2:2 есебімен тең түсіп, пенальти сериясында қарсыласына жол берді.
Біздің серіктес: FONBET