Қазақстан құрамасы Таиландты ірі есеппен жеңіп, ширек финалға шықты

24.09.2021, 03:15
Кака шәкірттері жауапсыз жеті гол соқты. Бірі автогол, ал біреуін Игита салды.
Қазақстан құрамасы Таиландты ірі есеппен жеңіп, ширек финалға шықты

Литвада өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Қазақстан құрамасы Таиландтан мықты екенін дәлелдеді.

Кездесу Каунас қаласында өтіп, 7:0 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды. Бұл кездесуде Дәурен Тұрсағұлов (3), Дуглас (4), Чайват Джамграджанга (автогол), Дәурен Нұрғожин (24), Тайнан (24), Арнольд Кнауб (32) және Игита (38) көзге түсті.

Айта кету керек, жетінші голдан кейін Рауан Атантаев Игитаның орнына қақпаны қорғады.

Ширек финалда Қазақстан 24 қыркүйекте бақ сынайтын Өзбекстан - Иран жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×