Бақтиер Зайнутдинов ЦСКА сапында гол соқты

24.09.2021, 03:26
Мәскеулік клуб 4:0 есебімен жеңіске жетті.
Бақтиер Зайнутдинов ЦСКА сапында гол соқты

Мәскеулік ЦСКА командасы Ресей Кубогінің топтық кезеңінде сырт алаңда «Зенит-Ижевск» командасын 4:0 есебімен жеңді. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов 76-минутта гол соқты

Қазақстан құрамасының ойыншысы матчты қосалқы құрамда бастады. 65-ші минутта Бақтиер Владислав Яковлевті алмастырды, ал 11 минуттан кейін гол соқты.

«ЦСКА» Кубоктағы келесі ойынын 27 қазанда Липецкінің «Металлургіне» қарсы өткізеді. Матч елорда уақытымен 19:00 -де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×