Рикардо Кака: «Қазақстан мұндай ойын көрсеткенде, қарсыластар үшін бұл өте қиын»

24.09.2021, 14:03
Қазақстан құрамасының келесі қарсыласы бүгін анықталады.
Рикардо Кака: «Қазақстан мұндай ойын көрсеткенде, қарсыластар үшін бұл өте қиын»

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2021 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Тайландпен болған ойынға (7:0) қатысты пікір білдірді:

- Біз қазірдің өзінде біздің команда күш қосатын түймені әлі баспаған машина деп әзілдеген болатынбыз. Бүгін біз осы түймені басып, күшімізді көрсеттік. Иә, қателіктер болды, бірақ біз ақылмен ойнадық. Қажет кезде қосыла алдық. Қазақстан мұндай ойын көрсеткенде, қарсыластар үшін бұл өте қиын.

- Матч соңында жас ойыншылар шықты. Олар өздерін қалай көрсетті?

- Мен оларға келесі матч дәл қазір - осы ойын кезінде басталатынын айттым. Жас ойыншылар мүмкіндік берілген кезде ойнап, өздерін көрсетуі керек. Мұндай кездесулерде тәжірибе жинақталады. Келесі ойынға бізге басқа ойыншылар қажет, бізде резерв болу үшін буын алмасу процесі қажет. Әрине, біреу көп ойнайды, ал біреу аз ойнайды деп айтуға болады, бірақ бұл жерде мен шешемін. Иә, мен қателесуім мүмкін, бірақ бұл әрқашан команданың игілігі үшін. Бұл жерде ешқандай саяси мәселелер жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×