Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, Молдоваға қарсы УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіне дайындық аясында Қазақстан құрамасы Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Жиын 12-16 ақпан аралығында өтеді деп жоспарланған.
Қазақстандық маман Талғат Байсуфинов ұлттық құраманы әрі қарай да жаттықтыра бермек.
Естеріңізге сала кетейік, Молдоваға қарсы кездесулер 24 және 29 наурызда өтеді.
Біздің серіктес: FONBET