Қазақстан құрамасы Венесуэламен тең ойнағанына қарамастан, плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықты

19.09.2021, 05:39
Ұлттық құраманың келесі кезеңдегі қарсыласы әлі анықталған жоқ
Қазақстан құрамасы Венесуэламен тең ойнағанына қарамастан, плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықты

Литвада өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының топтық кезеңінде Қазақстан ұлттық құрамасы Венесуэламен тең ойнады.

Бұл екі команда үшін де «А» тобындағы соңғы матч болды. Екеуі де плей-оффқа мерзімінен бұрын шығып қойған еді, тек кімнің бірінші және екінші орынмен шығатынын анықтау қажет болды. Кездесу 1: 1 есебімен аяқталды.

Бесінші минутта Дуглас есеп ашты. Матчтың соңғы секундтарында Венесуэла Видаль соққан голдың арқасында есепті теңестіре алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңіне бірінші орыннан шықты. Кака шәкірттері гол айырмашылығы бойынша Венесуэланы басып озды. Ұлттық құраманың келесі кезеңдегі қарсыласы әлі анықталған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×