Қазақстан құрамасы Венгрияны ойсырата ұтып, ЕУРО-2022 турниріне жолдама алды

07.04.2021, 02:17
Кака шәкірттері 9 және 11 сәуір күндері Израиль құрамасымен кездеседі
Қазақстан құрамасы Венгрияны ойсырата ұтып, ЕУРО-2022 турниріне жолдама алды

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2022 турниріне іріктеу кезеңінде Венгрия құрамасымен ойнап, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасында Шыңғыс Есенаманов (5'), Азат Валиулин (9'), Тайнан (10'), Дуглас (23') және Альберт Ақбалықов (32') ерекшеленді. Қалған бір голды алаң иелері өз қақпасына соғып алды.

Осылайша, Қазақстан ұлттық құрамасы төрт мачта да жеңіске жетіп, Еуро-2022 турнирінің ақтық кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алды.

Кака шәкірттері 9 және 11 сәуір күндері Израиль құрамасымен кездеседі. Екі матч та Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×