Қазақстан құрамасы жаттығу жұмыстарын бастады

09.11.2021, 02:52
Жаттығу жұмыстарына бірнеше футболшы жарақатына байланысты келе алмады.
Қазақстан құрамасы жаттығу жұмыстарын бастады

Талғат Байсуфинов баптайтын Қазақстан ұлттық құрамасы Нұр-Сұлтан қаласында жаттығу жиындарын бастады. 13 қараша күні Қазақстан құрамасы Парижде Францияға қарсы ойнайды. Ал одан кейін 16 қараша күні өз алаңында Тәжікстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізуі тиіс.

Құрама сапында бірнеше өзгерістер орын алғанын айта кетейік. Жартылай қорғаушы Георгий Жуков жарақатына байланысты құрамаға келмеді. Сонымен қатар, жарақат алған Ян Вороговскийдің орнына «Тобыл» қорғаушысы Бағдат Қайыров шақырту алды.

Қазақстан құрамасы 11 қараша күні Нұр-Сұлтан – Париж бағытында жолға шығады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×