Қазақстан құрамасын жаттықтыруы мүмкін бапкерлердің есімі аталды

13.12.2020, 02:04
ҚФФ ұлттық құрама тізгінін қазақстандық маман ұстағанын қалайтын секілді.
Қазақстан құрамасын жаттықтыруы мүмкін бапкерлердің есімі аталды

Қазақстандық жаттықтырушы Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне үміткер ретінде қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

ҚФФ 52 жастағы маманмен ұлттық құрамада жұмыс істеу туралы ұсыныспен байланыс орнатқан. Сондай-ақ тізімде «Тобылдың» бас бапкері Григорий Бабаян мен «Қайраттың» тәлімгері Алексей Шпилевский бар.

Бұған дейін Байсуфинов Қазақстан жастар құрамасының тәлімгері лауазымына үміткер болып саналады деген ақпарат болған. Байсуфинов бұған дейін 2016-2017 жылдары ұлттық құраманың бас бапкері болып жұмыс істеген. Сонымен қатар ол Қазақстан жастар құрамасының бас жаттықтырушысы болып жұмыс істеді (U21). Клуб деңгейінде «Химки», «Ертіс» және «Ақжайық» командаларын жаттықтырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×