Қазақстан құрамасына Еуропада жолдастық матч өткізу ұсынылды

17.09.2022, 15:31
Адиев шәкірттері қараша айында екі жолдастық матч өткізуі тиіс.
Қазақстан құрамасына Еуропада жолдастық матч өткізу ұсынылды

Литва құрамасы Қазақстанға қарсы жолдастық ойын өткізуге мүдделі, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Литвалықтар өз елінде жолдастық кездесу ұйымдастыруға дайын. Алайда Қазақстан құрамасы 19 қарашада БАӘ-мен сырт алаңда ойнайды, сондықтан Литва Магомед Адиевтің командасы үшін қолайлы нұсқа болып тұрған жоқ. Қарашадағы екінші жолдастық кездесуді де қазақстандықтар БАӘ-де өткізгісі келеді.

Қазақстан мен Литва құрамалары Ұлттар лигасы аясында соңғы рет 2020 жылдың күзінде кездескен. Вильнюста 0:2 есебімен Қазақстан жеңсе, Алматыда 1:2 есебімен есе жіберген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×