«Шахтердің» хорватиялық легионері командадан кетті

17.09.2022, 17:39
Қарағандылық клуб футболшының жалақысын төлемепті.
«Шахтердің» хорватиялық легионері командадан кетті

Қарағандылық «Шахтердің» хорватиялық қорғаушысы Иван Граф клубтан кетті. Бұл туралы футболшы өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

35 жастағы ойыншы Вахид Масудов келгеннен кейін негізгі құрамдағы орнын жоғалтты.

Граф қарағандылық клуб сапында бас-аяғы 43 матч өткізіп, екі гол соқты, бір нәтижелі пастың авторы атанды. «Шахтерға» келмес бұрын Граф «Қайсар» мен «Ертістің» намысын қорғаған.

Meta-ratings.kz порталының мәліметінше, хорватиялық ойыншы «Шахтерда» толық жалақы алмаған екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×