Олжас Абраев: «Ресей футбол одағымен келіссөздер жүргізудеміз»

17.09.2022, 19:40
Адиев шәкірттері 16 қарашада тағы бір жолдастық матч өткізеді.
Олжас Абраев: «Ресей футбол одағымен келіссөздер жүргізудеміз»

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Олжас Абраев KazFootball.kz сайтына берген сұхбатында ҚФФ-ның Ресей құрамасымен жолдастық кездесу өткізуден бас тартуы туралы қауесеттерге қатысты пікір білдірді:

- Белгілі болғандай, 19 қарашада Қазақстан құрамасы Абу-Дабиде Біріккен Араб Әмірліктерімен жолдастық кездесу өткізеді. Сондай-ақ, 16 қарашада өтетін кезекті матч үшін бірқатар ұлттық бірлестіктермен келіссөздер жүргізілуде.

Расында да, Қазақстан мен Ресей құрамалары арасында болуы мүмкін жолдастық кездесу мәселесі қаралды. Қазіргі уақытта біз Ресей футбол одағымен келіссөздер жүргізудеміз. Дегенмен, ҚФФ және РФФ жарыстарының күнтізбелерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл мәселе қазір талқылануда. Күн екі жаққа да қолайлы болса, онда бұл матчты өткізу мүмкіндігін қарастыруға болады.

Сондықтан Қазақстан футбол федерациясы Ресей футбол одағының ұсынысынан бас тартты деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Біз ресейлік әріптестерімізбен тұрақты байланыстамыз, ұлттық бірлестіктер арасында ынтымақтастық туралы меморандум бар. Сонымен қатар Қазақстан мен Ресейдің жастар және жасөспірімдер құрамасы бақылау ойындарын өткізетіні туралы келісім жасалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×