«Астананың» экс-бапкері «Спартакта» жұмыс істемек

17.09.2022, 20:22
Англиялық маман спорт директоры ретінде еңбек етпек.
«Астананың» экс-бапкері «Спартакта» жұмыс істемек

Мәскеулік «Спартак» англиялық маманы Пол Эшуортты спорт директоры қызметіне тағайындамақ, деп хабарлайды Чемпионат порталы.

Жақын арада Эшуорт келісім-шартқа отыру үшін Мәскеуге барады.

Ресей чемпионатының 9 турынан кейін «Спартак» 16 ұпаймен турнир кестесінде 5-ші орында келеді. Келесі турда команда «Локомотивпен» кездеседі.

Еске салайық, Пол Эшуорт «Астанада» 2019-2020 жылдар аралығында жұмыс істеген. Алғашында атқарушы директор, кейін бас бапкер қызметін атқарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×