Қазақстан құрамасына гол соққан украиналық шабуылшы мансабын Англияда жалғастыруы мүмкін

17.04.2021, 23:18
Шабуылшы Бельгия чемпионатында 27 матч өткізіп, 15 гол соққан екен.
Қазақстан құрамасына гол соққан украиналық шабуылшы мансабын Англияда жалғастыруы мүмкін

"Гент" клубы мен Украина құрамасының шабуылшысы Роман Яремчук мансабын Англия Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды HLN порталы.

Дереккөздің хабарлауынша, "Вулверхэмптон" 25 жастағы украиналық футболшыға қызығушылық танытып отыр. Яремчуктың көмегімен англиялық клуб шабуыл шебіндегі мәселелерді шешкісі келеді.

Еске салайық, Яремчук пен "Гент" арасындағы қазіргі келісім-шарт 2025 жылға дейін есептелген. Яремчук "Гентке" 2017 жылы Киевтің "Динамосынан" ауысып келді. Осы маусымда украиналық шабуылшы Бельгия чемпионатында 27 матчқа қатысып, 15 гол соқты, 5 нәтижелі пас берді. Естеріңізге сала кетейік, Яремчук жақында ғана Қазақстан құрамасына қарсы өткен кездесуде гол соққан еді.

"Вулверхэмптон" 31 ойында 38 ұпай жинап, Англия чемпионатының турнирлік кестесінде 12-орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×