Қазақстан құрамасының бас бапкері қаңтардың соңына дейін белгілі болады

16.01.2016, 01:41
Қазақстан құрамасының бас бапкері қаңтардың соңына дейін белгілі болады
Негізі бұған дейін ҚФФ басшылары мәлімдегендей, Қазақстан құрамасының бас бапкері көпшіліктің дауыс беруі анықталуы керек еді. Сөйтіп 28 желтоқсан күні Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерін дауыс беру арқылы таңдаудың алғашқы кезеңі басталған болатын. Бірінші кезеңде жанкүйерлер қазақстандық маман мен шет елдік маманның қайсысы құрама тізгінін ұстауға дауыс берген. Өкінішке қарай, енді дауыс берудің екінші кезеңі өтпейді. Өйткені, ҚФФ басшыларының жоспары бойынша, бірінші кезеңге 50 мың жанкүйер қатысуы керек еді. Бірақ, бірінші кезеңге нәбері 2600 адам қатысты. Оның 1755-і шет елдік маманды таңдаса, 845-і құрама тізгінін қазақстандық маманға беруді жөн көрді. Сондықтан да дауыс берудің екінші кезеңі автоматты түрде өтпейтін болды. Енді бас бапкерді федерация президентінің өзі таңдайды. Ал, бас бапкердің есімі қаңтар айының соңына дейін белгілі болады. Айта кетейік, бұған дейін бізге жеткен мәліметте бойынша, Қазақстан құрамасының тізгінін шет елдік маман ұстап қалуы мүмкін. Қазіргі таңда федерация басшысы португалиялық маман Жозе Коусейру және италиялық маманмен келіссөз жүргізіп жатыр. aaaaaaaaaaaaa
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×