Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы «Ақсуға» ауысуы мүмкін

18.12.2021, 16:56
Қақпашы қазір палодарлық клубпен бірге жаттығуда.
Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы «Ақсуға» ауысуы мүмкін

Қақпашы Самат Отарбаев жақын арада «Ақсу» клубымен келісім-шартқа отырады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Тәжірибелі футболшы павлодарлық команданың орналасқан жеріне келіп, жаттығу жиынына қатысуда.

Отарбаевтың соңғы клубы «Қыран» болды. Бірақ өткен маусымда қақпашы жаңа команда таба алмады. Самат бұған дейін «Ордабасы», «Ақтөбе», «Тараз» клубтарының намысын қорғады. Қазақстан жастар құрамасының негізгі қақпашысы болды және негізгі командаға шақыртылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×