Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы «Тараздың» спорт директоры болмақ

11.12.2021, 02:22
Ол үшін Талғат Тұрлыбайұлы өз орнын сақтап қалуы керек.
Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы «Тараздың» спорт директоры болмақ

Танымал қазақстандық футболшы Эдуард Сергиенко жақын арада «Тараздың» спорт директоры болуы мүмкін, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Соңғы жарты жыл бойы «Жеңіс» сапында өнер көрсеткен ардагер футболшы «Тараз» клубымен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Клубтың қазіргі директоры Талғат Тұрлыбайұлы өз орнын сақтап қалса, Сергиенко жамбылдық команданың спорттық директоры болып тағайындалады.

Ойыншы ретінде Эдуард Сергиенко «Ордабасы», «Атырау», «Ертіс», «Шахтер» және басқа да клубтардың намысын қорғады. Қазақстан құрамасы сапында 19 кездесу өткізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×