Англия Премьер-лигасының қараша айындағы үздік ойыншысы белгілі болды

11.12.2021, 01:34
Футболшы 3 матчта 5 нәтижелі іс-әрекетпен көзге түсті.
Англия Премьер-лигасының қараша айындағы үздік ойыншысы белгілі болды

«Ливерпульдің» қорғаушысы Трент Александр-Арнольд Англия Премьер-лигасының қараша айындағы үздік ойыншысы атанды.

Өткен айда футболшы 3 ойында 1 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.

Александр-Арнольд аталмыш сыйлыққа талас кезінде Жоао Кансело, Бернарду Силва (екеуі де «Манчестер Сити»), Эммануэль Деннис («Уотфорд»), Диого Жота («Ливерпуль») және Джон Макгиннді («Астон Вилла») артқа тастады.

Еске салайық, қазан айында Арнольдтің командаласы Мохамед Салах үздік ойыншы атанған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×