Англия Премьер-лигасының қараша айындағы үздік бапкері анықталды

11.12.2021, 01:12
Испаниялық маман 10-шы жүлдесіне ие болды.
Англия Премьер-лигасының қараша айындағы үздік бапкері анықталды

«Манчестер Ситидің» тәлімгері Хосеп Гвардиола Англия премьер-лигасының қараша айындағы ең үздік бапкері атанды. Осылайша, испаниялық маман Премьер-лигадағы 10-шы марапатына ие болды.

Гвардиола шәкірттері қараша айында үш ойын өткізіп, «Манчестер Юнайтед» (2:0), «Эвертон» (3:0) және «Вест Хэм Юнайтед» (2:1) клубтарын жеңді және Премьер-лиганың турнирлік кестесінде бірінші орынға шықты.

Гвардиола бұл жүлдеге талас барысында Юрген Клопп («Ливерпуль») пен Стивен Джеррардты («Астон Вилла») басып озды.

Айдың үздік жаттықтырушысы аталымы бойынша Гвардиола Дэвид Мойесті қуып жетті. Олар бұл көрсеткіш бойынша үшінші орынға жайғасты. Алғашқы сатыда Алекс Фергюсон (27) мен Арсен Венгер (15) тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×