Қазақстан құрамасының экс-қорғаушысы «Ордабасыдан» кетті

07.02.2021, 03:32
Қорғаушы өткен маусымда негізгі құрамнан ойып тұрып орын алған еді.
Қазақстан құрамасының экс-қорғаушысы «Ордабасыдан» кетті

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Ордабасы" тәжірибелі қорғаушы Виктор Дмитренконың қызметінен бас тартты.

Краснодарлық "Кубань" тәрбиеленушісі 2020 жылғы маусым басталар тұста "Ордабасы" сапын толықтырған еді. Дмитренко іс жүзінде бірінші айналымда көп ойнаған жоқ, бірақ чемпионаттың екінші жартысында ол негізгі құрамның ойыншысы болды. Жалпы 12 матчқа қатысып, бір гол мен бір нәтижелі пастың авторы атанды.

29 жастағы қорғаушы Қазақстан құрамасында 19 матч өткізіп, 1 гол соққан. Премьер-лигада "Астана", "Ақтөбе", "Шахтер" және "Тобыл" клубтарында доп тепкен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×