Қазақстан құрамасының футболшысы ресейлік клубтан кетті

02.12.2021, 15:44
Ол ресейлік клуб үшін бір ғана гол соқты.
Қазақстан құрамасының футболшысы ресейлік клубтан кетті

Калининградтық «Балтика» 28 жастағы қазақстандық шабуылшы Роман Мұртазаевпен келісім-шартты үзгенін мәлімдеді.

«Балтика» Виталий Денисов, Жамал Дибиргаджиев, Роман Мұртазаев және Виталий Шаховпен еңбек келісімін мерзімінен бұрын бұзу туралы мәмілеге келді. Ынтымақтастық үшін рахмет және әр ойыншыға сәттілік тілейміз», - деп жазады «Балтиканың» ресми сайты.

Роман Мұртазаев «Балтикаға» осы жылдың шілде айында қосылған болатын. Осы уақыт ішінде ол калининградтық клуб сапында 13 матч өткізіп, бір гол мен үш нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×