Қазақстан құрамасының ойыншысы мансабын Ресейде жалғастыруы мүмкін

21.09.2021, 22:52
24 жастағы жартылай қорғаушы қазір Өзбекстан чемпионатында бақ сынауда.
Қазақстан құрамасының ойыншысы мансабын Ресейде жалғастыруы мүмкін

Өзбекстандық "Андижан" мен Қазақстан құрамасының ойыншысы Владислав Васильев қысқы трансферлік кезеңде ресейлік "Оренбург" клубына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Белоруссиялық "Энергетик-БГУ" клубына тиесілі 24 жастағы жартылай қорғаушы Өзбекстанда жалдау шарты бойынша өнер көрсетуде. Бұл елдегі чемпионат аяқталғаннан кейін Васильев "Оренбург" сапына қосылады.

Ресейлік клуб қазақстандық футболшыға жазда қызығушылық танытқан еді, бірақ Васильев "Андижанның" ұсынысын қабылдады. Сондай-ақ Васильевке қызығушылық танытқан клубтардың ішінде "Астана" да болды.

Өзбекстан чемпионатының ағымдағы маусымында Владислав бес матч өткізіп, бір гол соқты.

"Оренбург" қазіргі уақытта ФНЛ-дің турнирлік кестесінде екінші орынға жайғасқан және РПЛ-ге жолдама алу мүмкіндігі жоғары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×