Вахид Масудов: «Шушеначевтің үздік атануын толықтай қолдаймын»

21.09.2021, 18:54
Масудов Қазақстан құрамасының шабуылшысы туралы өз ойымен бөлісті.
Вахид Масудов: «Шушеначевтің үздік атануын толықтай қолдаймын»

Қазақстанның тамыз айындағы үздік ойыншысы атанған Артур Шушеначевті марапаттаған отандық футболдың ардагері Вахид Масудов «Қайрат» шабуылшысының ойыны туралы өз пікірімен бөлісті:

- Артур Шушеначевтің үздік атануын толықтай қолдаймын, ол өткен айда көп ойнап, бірнеше гол соқты. Бұл бір немесе екі маманның таңдауы емес, аталмыш сауалнамаға ел чемпионатының барлық бас бапкерлері мен капитандары қатысады. Артурдың командаластарының деңгейі жоғары, бірақ олармен бір деңгейде ойнау арнайы шеберлікті қажет етеді. Мен Артурмен ойын алдында пікір алмастым. Оның голдары «Қайрат» және Қазақстан құрамасы үшін маңызды екендігін айтып өттім. «Қызыл-Жармен» өткен ойында ол жалғыз голдың авторы атанды. Бұл марапатты Артурға тапсыру мен үшін өте жағымды әсер сыйлайды, себебі біз екеуміз де Тараз қаласының тумасымыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×