Алексей Березуцкий: «Бақтиер - әмбебап футболшы»

21.09.2021, 17:54
Бақтиердің командасы кеше «Спартакты» минималды есеппен жеңді.
Алексей Березуцкий: «Бақтиер - әмбебап футболшы»

ЦСКА-ның бас бапкері Алексей Березуцкий РПЛ-дің 8 -турында "Спартакпен" (1:0) болған ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

- Қолайсыз ауа-райын ескерсек және алғашқы жіберілген қателікке дейін матч өте қиын болды. Бұл қателікті біз емес, "Спартактың" жасағанына өте қуаныштымын. Мінездің арқасында жеңіске жеттік.

- Неліктен Зайнутдинов орталықта, Обляков сол қапталда ойнады?

- Біріншіден, Баха - әмбебап футболшы. Біз оны Обляковпен ауыстыра аламыз, бірақ Ваня сол қапталда ойнауға дағдыланған. Сондықтан Бақтиер орталықта өнер көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×