Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Гейнрих Шмидтгаль жарақатынан айықты. Дюссельдорфтың «Фортуна» клубында өнер көрсететін ойыншы 7 айдан кейін алаңға шықты.
Қорғаушы командасының «Ингольштадқа» қарсы ойынына бірінші минуттан бастап қатысты. 81 минуттаСоареспен алмасты. Сырт алаңда өткен ойында «Фортуна» қарсыластарына 3:2 есебімен есе жіберді.
Жарақатына байланысты Гейнрих Шмидтгаль осыған дейінгі ұлттық құрама ойынына да қатыса алмай келген еді. Жаттығу кезінде алған ауыр жарақатынан кейін аяғына ота жасатқан болатын. Ойыншы 12 маусымда Түркияға қарсы ойынға шақыртылып қалуы мүмкін. Қазіргі таңда ол ұлттық құрама сапында 12 ойын өткізіп, 1 гол соққан.
КПЛ-ға тиімді ставкалар мен арнайы акцияларды FONBET ұсынады – Қазақстандағы ең үздік VIP-бағдарламасы бар букмекер. Жаңа клиенттерге осы сілтемемен, ALADOP промокоды арқылы тіркелгенде, FONBET алғашқы шотты толықтырғаны үшін 200 000 теңгеге дейін бонус береді: http://www.fonbet.kz/s/21Xe9a