Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Роман Мұртазаев калининградтық "Балтика" командасына ауысты, деп хабарлайды Vesti.kz сайты.
Ойыншы "1 + 1" жүйесі бойынша келісім-шарқа отырды. Калининградтық клуб осы маусымда Ресей Премьер-лигасына шығу үшін үшін күреседі.
Қазақстандық жаңа клубында бірнеше жаттығулар өткізіп үлгерді. Өткен қыста Мұртазаев "Астана" сапында өткізген Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында "Балтика" командасының бапкерлер құрамының көңілінен шыға білді.
Естеріңізге сала кетейік, шілде айында "Астана" Мұртазаевтың командадан кеткенін хабарлады. Бұған дейін ол "Шахтер", "Ертіс" және "Тобыл" командаларында ойнаған.
Біздің серіктес: FONBET