Қазақстан құрамасының су жаңа бас бапкері анықталды.

31.01.2011, 21:08
Қазақстан құрамасының су жаңа бас бапкері анықталды.
[caption id="" align="alignright" width="347" caption="                           Мирослав Беранек -                                                         Су жаңа бапкеріміз"][/caption] 31-қаңтар күні, Алматы қаласында Қазақстан құрамасының жаңа бапкерінің есімі мәлім болды.  Енді еліміздің бас командасын 52-жасар чехиялық маман Мирослав Беранек жаттықтырмақ.. Мирослав Беранек 1957 жылы 24 сәуір күні Бенешов (Чехия) қаласында дүниеге келген. Ойыншы ретінде ол, чехиялық  «Спартак» (Пелгржимов), «Шкода» (Плзень), «Славия» (Прага) сынды командаларда өнер көрсеткен\ Ал, бапкер ретінде Мирослав «SV Gmünd»,  «Славия» (Прага), «Кладно», «Хмель», «Дебрецен» (Венгрия), «Аль-Васл» (Дубаи, ОАЭ),  Чехия жастар құрамасының бас бапкері  және Чехия ұлттық құрамасының бас бапкерінің көмекшісі болған. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы 2011 жылдың есігін, жаңа бапкермен 9-ақпан күні Белорусия құрамасына қарсы өткізетін жолдастық кездесуімен ашпақ. Бұл жолдастық кездесуге қатысыуға қатысуға  төменднгідей ойыншылар мүмкіндк алмақ. Қақпашылар: Андрей Сидельников, Александр Мокин, Давид Лория. Қорғаушылар  Қайрат Нұрдаулетов, Михаил Рожков, Фархадбек Ирисметов, Самат Смақов, Александр Кислицин, Владислав Чернышов, Александр Киров, Антон Чичулин, Ренат Абдулин. Жартылайқорғаушылар:  Андрей Карпович, Қазыбек Гетериев, Азат Нұғалиев, Ұлан Қонысбаев, Аслан Дарабаев, Максим Азовский, Дмитрий Шомко, Серікжан Мужыков, Сергей Скорых, Евгений Аверченко. Шабуылшылар: Нұрбол Жұмасқалиев, Сергей Хижниченко, Сергей Остапенко, Андрей Финонченко.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×