Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасына қатысқаны үшін қанша ақша алғаны белгілі болды.
Алты ойынның қорытындысы бойынша біздің команда топтағы соңғы орынды иеленді және С лигасындағы орнын сақтап қалу үшін Молдовамен өтпелі матч ойнайды.
Ұлттар лигасында ойнағаны үшін УЕФА ҚФФ-ға 1,125 миллион еуро аударады. Алайда, топта бірінші орын алған жағдайда, Михал Билектің командасы екі есе көп ақша табуы мүмкін еді. С лигасындағы топ жеңімпазы 1.125 еуро бонус алады. Яғни, Қазақстан құрамасы топта жеңіске жеткен жағдайда 2,25 миллион еуро табуы мүмкін еді(турнирге қатысқаны және жеңгені үшін).
Біздің серіктес: FONBET