Қазақстан құрамасының 24 жастағы жартылай қорғаушысы Владислав Васильев Өзбекстанның "Андижан" командасына ауысты, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
Владислав Васильев - Қарағанды футболының және "Оле Бразил" академиясының түлегі. Бұған дейін ол "Шахтерде", сондай-ақ белоруссиялық "Рух" пен "Динамо" Брест сапында ойнады.
Ойыншының соңғы клубы "Энергетик-БГУ" болды, ол өткен маусымда бұл команда үшін 16 матч өткізіп, 5 гол соқты, 8 нәтижелі пас берді.
Айта кету керек, "Андижанды" "Шахтердің" бұрынғы бас бапкері Виктор Кумыков жаттықтырады.
Біздің серіктес: FONBET