Қазақстан қыздар құрамасы Бакуде өткен турнирде үшінші орын алды

21.04.2015, 02:18
Қазақстан қыздар құрамасы Бакуде өткен турнирде үшінші орын алды
Бүгін 17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Бакуде өтіп жатқан УЕФА Даму кубогында үшінші матчын өткізді. Қазақстандық футболшылардың қарсыласы Грузия құрамасы болды. Анастасия Низамутдинованың соққан голынан кейін Қазақстан құрамасы жеңіске жетіп, төрт ұпаймен қорытынды турнир кестесінде үшінші орынды иеленді. Бірінші орынға Әзірбайжан мен Грекия құрамалары таласты. Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталып, пенальти сериясында алаң иелері басымдық танытты.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×