Қазақстан — Сирия 1:1. Сирия сериясын жалғастырды

11.08.2011, 03:02
Қазақстан — Сирия 1:1. Сирия сериясын жалғастырды
Бүгін «Астана-Арена» стадионында өткен Қазақстан және Сирия жолдастық кездесуінде қос қарсылас жеңімпаздар есімін анықтай алмады. Ойынның 67-минутында сириялық шабуылшы Сабага өз құрамасын жеңіске жетеледі. Бірақ, бұл қуаныш ұзаққа созылмады. Арада 8 минут өткен соң қазақстандықтар есепті теңестіріп кетті. Қонысбаевтың әуелеген пасына бірінші болып жеткен жас талант Көкеев жанкүйерді бір желпінтті. Одан соң жерлестеріміз жеңіс добын соғатын бірнеше мүмкіндікті құр жіберді. Сонымен есеп 1-1. Есепке қарап біздің футболшылар нашар ойнады деуге келмейді. Ұлттық құрама ойынында жігер мен өсу байқалды. Ал қарсыластарымыз Сирия құрамасының ойынына қарап таң қалмасқа шара болмады.  Қос құрамада жарады… Бұл ойын біз үшін – «Еуро-2012» іріктеу турнирінің аясында қыркүйек айында өтетін қос матчқа тыңғылықты дайындалу және ФИФА рейтингіндегі орнымызды жоғарылату. Бірақ, ойынның «жолдастық кездесу» дәрежесіне қарамастан жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Ойын жанкүйерлер сенімінен шықты. Тек бір өкініштісі Қазақстан және Сирия арасындағы жеңіссіз серия тағы да жалғасты. Дегенмен, Сирия оңай шағыла қалатын жаңғақ емес. Себебі, осыған дейін өткен үш кездесуде де Қазақстан ұлттық құрамасы сириялықтардың қақпасына бір де бір гол соға алмапты. Кездесудің үшеуінде де тек жеңіліп келдік. Ал, ойынға қайта оралатын болсақ бұл ойында сөзсіз Көкеев пен Қонысбаевтың жұбы жарады. Және де алаңға ойынның соңғы минуттарында шыққанына қарамастан ойынға белсене араласкан Мұжықовқа ризамын. Гридин де  негізінен жақсы ойын өрнегін көрсете білді. Гридинге тек сәттілік жетіспеді. Жартылай Қорғаныстағы дебютанттар Мұжықов пен Шахметов және қорғаушы Гурман өзине артылған міндетті толығымен орындай алды. Қорғаныстағы Киров та ара-тұра шабуылға араласып тұрды, ал Логвиненко мен Мұхтаров та жақсы ойнады. Қайратта капитанға лайық өнер көрсете алды. Негізінен Нестеренко қақпа кілтін жақсы қорғай білді. Ал, Таңат ойының бірінші бөлігіндегі  ең белсенді ойыншы. Екінші таймда алаңға шыққандардың арасынан Көкеев пен Сымақовты ерекше атаған жөн. Хайруллин мен Остапенко да жақсы кырынан таныла білді. Тек қақпашы Цирин ұлттық кұрамаға лайық емес еді. Оның орнына Логиновскийді қойған жөн болатын. Осы ойынның басты қаһарманы Көкеев екеніне ешкім дау туғыза қоймайтын шығар деп ойлаймын өз басым. Қазақстан — Сирия 1:1 (0:0) Голдар: Сабаг 67 (0:1), Көкеев 75 (1:1) Сары қағаз: Естанбали 14, Қонысбаев 75 Қызыл қағаз: Естанбали 86 Қазақстан: Нестеренко (Цирин 46), Киров, Логвиненко, Мұхтаров, Гурман (Сымақов 46), Нұрдәулетов, Қонысбаев (Мұжыков 87), Шахметов (Хайруллин 46), Нөсербаев (Көкеев 46), Гридин, Хижниченко (Остапенко 46) (4-2-3-1) Сирия: Хиссо, Абдулдаим, Исмаил, Сабаг (Аль-Сайад 76), Хомси, Альхусейн, Дюаб, Рафе, Альтуссиен, Аламна, Естанбали (4-4-2) 10-тамыз. Қазақстан. «Астана-Арена».
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×