Францияның «ПСЖ» клубы жаңа футболшымен толықты

10.08.2011, 02:33
Францияның «ПСЖ» клубы жаңа  футболшымен толықты
Францияның «ПСЖ» клубы жаңа футболшымен толықты. Осы уақытқа дейін Италияның А-сериясындағы «Палермоның» намысын жыртып келген Хавьер Пасторе париждік клубтың қосына ауысты. Аргентиналық ойыншыға сондай-ақ лондондық «Челси» де қызығушылық білдірген. Алайда алтын уақытын “Челсидің” қосалқы құрамында өткізгісі келмген жас футболшы «ПСЖ» ны таңдапты. Париждік клуб талантты жартылай қорғаушыны өз сапында көру үшін «Палермоның» есеп шотына 42 млн еуро аударыпты. 5-жылдық келісім шартқа қол қойған футболшы қазір жаңа клубы сапында дайындық жасауда. 22 жасар Хавьер Пасторенің ПСЖ ға ауысуына себепші болған команданың жаңа директоры Леонардо жас таланттарды іздеуді одан әрі жалғастыратынын мәлімдеді.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×