Аргентинада жаңа маусым басталды

10.08.2011, 02:32
Аргентинада  жаңа маусым басталды
Аргентинада  жаңа маусым басталды.Алғашқы турды сырт алаңда «Олимпи» клубымен өткізген  «Бока Хуниорс» алаң иелерімен ұпай бөлісуге мәжбүр болды. Төреші ысқырығы естілісімен тайлы-таяғымен алға ұмтылған жергілікті  футболшылар  “Бока хуниорсты ”қыспаққа ала бастады.  Қыза келе  қорғанысты ұмытып  шабуылдың соңында кеткен  «Олимпи» аяқдопшылары  түбі өздері опық жеп қалды. Үзілістен кейін білек сыбана ойнаған «Бока» футболшылары есеп ашатын бірнеше мүмкіндікті бос жіберіп алды. Уақыт өте қонақтардың  басымдылығы одан әрмен күшейе түсті.  Ойын барысының бұлай өрбуі жергілікті жанкүйерлерге ұнамағаны анық. Кезекті бір ойын сәтінде шектен асқан жанкүйерлер  қонақардың  капитаны Хуан  Рикельмені түкіріктің астына алғаны масқара болды. Бірақ,  ұяттан жұрдай бұзақыларға  ләм-мим деп жауап қатпаған  Аргентина құрамасының белді  ойыншысы  нағыз жігітке тән сабырлық танытты.  Аргентина футбол федерациясы бұл оқиғаны назардан тыс қалдырмаса керек.  Ал ойындағы басымдығын  нәтижеге асыра алмаған  «Бока» алғашқы айналымда екі ұпайдан қағылды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×