“265 теңгелік айлығы бар азамат”

10.08.2011, 01:09
“265 теңгелік айлығы бар азамат”
ОАР-да өткен футболдан әлем чемпионатында КХДР-ның Бразилия, Португалия сынды әлемдегі ең мықты футбол командаларымен алаңдағы айқасын біреулер ерлікке балайды. Елдегі тұрмыс жағдайын екшелеген кейбір жұрт, тіпті, солтүстік корей футболшыларының әлем сахнасындағы бұл өнерін жеңіспен пара-пар деп отыр. Әлемнің көптеген елдері үшін фубтол – бизнестің қайнар көзі. Футбол жұлдыздарының үлкен саудадағы есепсіз қаражаты өз алдына бөлек әңгіме. Ал сол «ақша мен аяқ доп» кейіпкерлерінің тұрмысы жер мен көктей. Мысалы Бразилия командасы ойыншыларының шамамен он миллион АҚШ доллар көлеміндегі бір жылдық табысын, осы алпауыт команданың қақпасына алғаш, әрі жалғыз доп салған солтүстік корей спортшысы Ши Инь Нанның қалтасына түсетін, біздің ақшаға шаққандағы шамамен 265 теңгелік бір айлық ресми табысын салыстыруға келмейді. Оны айтасыз, елдегі футбол федерациясының жетекші спортшсының қалтасына салып беріп отырған бұл қаражаты біздің таңғы асымызға да татымайтынын қынжылыспен айтуға болады. Елдегі қатқыл саясаттың сүрлеуінен өткен бұл елдің азаматтары расымен де «отан үшін отқа пен суға түсудің» не екенін жетік білсе керек. Ойыннан ләззат алып, отаны үшін тер төгіп жүрген 33 жасар азаматтың бұл ерлігі талайды тәнті етті. Жарайсың, жігіт!
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×