Санк-Петербор қаласында өтіп жатқан «Гранаткин Мемориалы» халықаралық турнирінде топтық кезеңнің соңғы кездесулері болып өтті.
«В» тобында өнер көрсететін Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 62-ші минутта Әлібек Қасымның бұрыштама добынан соққан голының арқасында Молдовия құрамасын жеңді. Енді еліміздің өрендері 9-шы орын үшін Жапония жастарымен күш сынасады.
Молдова U-18 – Қазақстан U-18 0:1 (0:0)
Гол: Әлібек Қасым 62' (0:1)