Қазақстан U-21 бесінші қоржынға жайғасты

01.02.2015, 17:43
Қазақстан U-21 бесінші қоржынға жайғасты
Бесінші ақпанда Ньон қаласында УЕФА Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің жеребесін тартады. Жеребе қорытындысы бойынша 52 құрама тоғыз топқа бөлінеді де, өзара ақтық кезеңнің жолдамасына таласпақ. Испания, Англия, Германия, Франция секілді кәрі құрлықтың тісқаққан жас футболшылары алғашқы қоржынға жайғасыпты. Көршілеріміз Ресей мен Украина екінші қоржында тұр. Ал Қазақстан жастар құрамасы – бесінші қоржында. Жалпы алты қоржынның бар екенін ескерсек, іріктеу кезеңінде бізден нашар бір ғана құрама болады деген сөз. Назарларыңызға қоржынға бөлінуыне қарай орналасқан құрмалар тізімін ұсынамыз: A қоржыны: Испания, Англия, Италия, Германия, Франция, Чехия, Португалия, Голландия, Дания. B қоржыны: Ресей, Швейцария, Швеция, Сербия, Израиль, Украина, Словакия, Румыния, Бельгия. C қоржыны: Түркия, Словения, Аустрия, Шотландия, Греция, Хорватия, Норвегия, Армения, Черногория. D қоржыны: Финляндия, Уэльс, Венгрия, Исландия, Босния және Герцеговина, Грузия, Молдова, Ирландия, Беларусь. E қоржыны: Болгария, Кипр, Македония, Литва, Әзірбайжан, Қазақстан, Албания, Латвия, Эстония. F қоржыны: Фарер аралдары, Солтүстік Ирландия, Люксембург, Мальта, Сан-Марино, Андорра, Лихтенштейн.      
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×