Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Қайраттың» бұрынғы бас бапкері еуропалық клубты жаттықтырмақ

12.08.2020, 17:07
Команда өткен маусымды 13-орында аяқтады.
Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Қайраттың» бұрынғы бас бапкері еуропалық клубты жаттықтырмақ

«Қайраттың» және Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бапкері Александр Бородюк австриялық «Хорн» клубын жаттықтырады, деп хабарлады клубтың ресми сайты.

"Хорн" Австрияның екінші дивизионында ойнайды. Өткен маусымда команда 16 команданың ішінен 13-ші орынды алды. 57 жастағы маман алдағы күндері командаға қосылады, өйткені визалық мәселелерге байланысты уақытында ұшып бара алмады.

2016 жылы Бородюк «Қайратты» баптады, ол чемпионатың үш ойынын ғана Алматылық командамен өткізді. 2017 жылы Қазақстан құрамасын жаттықтырды. Оның басшылығымен ұлттық құрама алты жеңіліске ұшырады және бір рет 2018 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу ойындарында тең түсті.

2018 жылдың қаңтарында Бородюк Қазақстан құрамасынан кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×