Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-16) «Даму кубогы» турнирінде алғашқы матчын өткізді

12.04.2015, 02:32
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-16) «Даму кубогы» турнирінде алғашқы матчын өткізді
16 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы «Даму кубогы» турнирінде алғашқы матчын өткізді Бакуде халықаралық «Кубок Развития» турнирі басталды. Жарысқа 2000 жылы туған қазақстандық футболшылар қатысуда. Василий Маруняк шәкірттері алғашқы ойында алаң иелері Әзірбайжан жасөспірімдер құрамасымен кездесті. Өкінішке қарай, ойын 4:0 есебімен турнир қожайындарының пайдасына шешілді. Айта кетейік, Әзірбайжан құрамасында бір жасқа үлкен футболшылар алаңға шықты. Қазақстан құрамасы сапында алаңға шыққан футболшылар тізімі: Медведев, Тұрсын, Қашкен, Ілиясов, Айтым, Сағынаев, Мұқашев, Ульшин, Шавернев, Прокопенко, Сидоров. Оларды алмастырған футболшылар: Устименко, Совет, Шәмші, Куцевол, Нағашыбаев, Кеңесов, Махан, Ваганов, Усачев.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×