Қазақстан жастар құрамасы Бельгияға есе жіберді

05.06.2021, 02:00
Жастарымыз іріктеудегі келесі матчын 2021 жылдың 7 қыркүйегінде Дания жастар құрамасына қарсы өткізеді.
Қазақстан жастар құрамасы Бельгияға есе жіберді

Қазақстан жастар құрамасы 2023 жылы өтетін жастар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Бельгия жастарынан жеңіліп қалды. Матч Ақтөбе қаласындағы Қобыланды батыр стадионында өтіп, 1:3 есебімен аяқталды.

Ойынның 28-минутында Килиан Сарделла есеп ашты. Ал бірінші таймның аяқталуына екі минут қалғанда Абылайхан Жұмабек айып алаңындағы қарбаласты сәтті пайдаланып, таразы басын теңестірді. Бірақ бірінші таймның қосымша уақытында Амаду Онана өз командасын қайтадан алға шығарды Ал 75-минутта Лоис Опенда біздің қақпамыздың маңына еш қиындықсыз жақындап, қақпаны дәл көздеуде еш қателеспеді.

Қазақстан U-21: Устименко (қ), Скворцов, Жақсылықов, Жұмаханов, Совет, Астанов (Ульшин, 73), Сағынаев (к), Буранчиев (Прокопенко, 86), Швырев (Кеңесов, 61), Самородов, Жұмабек

Бельгия U-21: Вандервордт (қ), Сарделла (Нденбе, 84), Теате, ван дер Бремпт, Сике (Кана, 70), Плетенкс, Айт-Эль-Хадж (Буссаид, 70), де Кетеларе, Онана (к) (Вранкс, 90), Версхарен (Баликвиша, 85), Опенда.

Жастарымыз іріктеудегі келесі матчын 2021 жылдың 7 қыркүйегінде Дания жастар құрамасына қарсы өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×