Қазақстан жастар құрамасының қатарында өзгеріс орын алды

03.06.2021, 16:58
Үш футболшы жарақатына байланысты жиынға келе алмады.
Қазақстан жастар құрамасының қатарында өзгеріс орын алды

Бельгия құрамасына қарсы ойынға қорғаушылар Дінмұхамед Қашкен мен Александр Широбоков, жартылай қорғаушы Дінмұхамед Қараман қатыса алмайды. Үш ойыншы да жарақаттарына байланысты оқу-жаттығу жиынына келе алмады, дпп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Олардың орнын алматылық «Қайраттың» ойыншылары Равиль Ибрагимов пен Арсен Буранчиев, сонымен қатар «Астана» шабуылшысы Владислав Прокопенко толықтырды.

Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы 4 маусым күні Бельгия жастарымен кездеседі. Матч Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы стадионда өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×