Лионель Месси «Барселонда» қалуды жоспарлап отыр

03.06.2021, 04:29
Футболшы ек маусымнан кейін Америкаға аттанады.
Лионель Месси «Барселонда» қалуды жоспарлап отыр

"Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси каталондық клубпен келісім-шартын ұзартпақ. Аргентиналық футболшы жаңа келісім-шарт бойынша жылына 60 миллион еуро алады, деп хабарлайды Sport.es.

Мәмілеге сәйкес Месси "Барселонада" екі маусым ойнайтын болады. Осыдан кейін аргентиналық екі жыл бойы MLS-те каталондық клубтың елшісі ретінде - Дэвид Бекхэмге тиесілі "Интер Майамиде" өнер көрсетеді.

Месси келісім-шарттың соңғы алты жылын қайтадан "Барселонада" өткізеді, сол жерде белгілі бір лауазымда қызмет атқарады. Бұған дейін "Барселонаның" Мессиге он жылдық келісім-шарт ұсынғаны белгілі болған еді.

Еске салайық, Мессидің "Барселонамен" келісім-шарты 2021 жылы 30 маусымда аяқталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×