Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (17 жасқа дейін) Минскіде (Беларуссия) өткен "Даму кубогы" деп аталатын халықаралық турнирде ірі жеңіліске ұшырады.
Кирилл Морунов шәкірттері Тәжікстан жастарынан 1:7 есебімен жеңіліп қалды. Оның үстіне, матчтың 17-минутында Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойыншысы Сергей Иванов қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Қазақстан құрамасының жалғыз голын 71-минутта Никита Губарев соқты.
Қазақстан (U17) құрамасы келесі кездесуін 3 ақпанда Беларуссия құрамасына қарсы өткізеді, ал 6 ақпанда Молдова құрамасымен ойнайды.
Біздің серіктес: FONBET