Юрий Логвиненко: «Жақында «Астана» өз жанкүйерлерін жеңістерімен қуантатынына сенімдімін»

31.01.2021, 22:05
Ловиненко елордалық клуб сапында 5 жыл ойнады
Юрий Логвиненко: «Жақында «Астана» өз жанкүйерлерін жеңістерімен қуантатынына сенімдімін»

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Юрий Логвиненко «Астана» сапында өткізген бес жылдан кейін командадан кетіп, Ресей Премьер-лигасында өнер көрсететін "Ротор" клубына ауысты. Жаңа командамен келісімшартқа қол қойған Юрий елордалық клуб туралы пікір білдірді:

- 2016 жылы «Астана» командасына ауысқан кезде, менің басты міндетім еурокубоктардың топтық кезеңінде өз күшімді сынап көру болды деп айтқан болатынмын және Еуропа Лигасының негізгі кезеңінде төрт рет, сондай-ақ осы турнирдің 1/16 финалында ойнап, айтқанымды орындадым.

Бастапқыда мен бір жылдық келісімшартқа қол қойдым, бірақ клуб құрамында 5 жыл өнер көрсеттім. «Астана» командасына, клуб басшылығына, қызметкерлерге және жанкүйерлерге көрсеткен қолдаулары үшін, ұмытылмас эмоциялар мен алған тәжірибем үшін алғыс білдіремін.

Қазір мен үшін жаңадан әрекет ету уақыты келді деп ойлаймын, сол себепті мені Ресей чемпионатына ауысу қызықтырды.

Сондай-ақ басқа клубқа ауысқаныма қарамастан, формамды сақтап қалу үшін Нұр-Сұлтандағы алғашқы жиында командамен бірге жаттығу мүмкіндігін бергені үшін клуб басшылығына алғыс айтқым келеді. «Астана» командасына жоғалтқан позициясына қайта оралуды, ал жанкүйерлерге шыдамдылық тілеймін, елордалық клуб жақын арада өз жанкүйерлерін тағы да жеңістерімен қуантатынына сенімдімін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×